作曲:Aikyn Tolepbergen
作词:Aikyn Tolepbergen
Аяулым күлмедің
Жоқ жұмбақ жыр ме едің
Сырыңды білмедім
Сен маралым-ай
Майысып жүргенің
Еркелеп күлгенің
Бәрі де бір менің жан қалауымдай
Жаныма беттеші
Байқамай өтпеші
Сезімді кетпеші сен бағаламай
Құралай мүсінді
Бағым деп түсіндім
Әнімді ұшырдым мен шағаладай
Ең алғашқы өзіңсің
Ақ таңым тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің
Бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің
Ақ таңым тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің
Бақыт деп тапқаным
Жолығып қалдың да
Жұлдыз боп жандың да
Сезіне алдың ба бір сағынышты
Ерекше еркіңе махаббат дертіңе
Бұлыңғой көркіңе мен бағынышпын
Әнім боп самғашы самғашы талмашы
Тек маған арнашы бар тілегіңді
Үмітті жалғашы адасып қалмашы
Жоғалтып алмашы сен жүрегімді
Ең алғашқы өзіңсің
Ақ таңым тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің
Бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің
Ақ таңым тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің
Бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің
Ақ таңым тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің
Бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің
Ақ таңым тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің
Бақыт деп тапқаным
翻译贡献者:橙c美式